Шымкент: қоғамдық кеңесте қызмет көрсету мәселесі талқыланды

0
1 119

Күн тәртібінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тапсырысы бойынша «Зор Рух» қайырымдылық қорымен жүргізілген 2019 жыл қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторингінің нәтижесі қаралды.


Шымкент: қоғамдық кеңесте қызмет көрсету мәселесі талқыланды

Шымкент қалалық қоғамдық кеңесте мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша мәселелер қаралды,деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Шілманов Айбек, қалалық цифрландыру басқармасының басшысы А.Оспанов, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорацияның Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Д.Исабеков 2019 жылы атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады.

Күн тәртібінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тапсырысы бойынша «Зор Рух» қайырымдылық қорымен жүргізілген 2019 жыл қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторингінің нәтижесі қаралды.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдармен электронды түрде көрсетілетін қызметтердің үлесін арттыру мәселесі, ҚР Президент әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдарында кадрлардың таза ауысымдылығы, меритократия қағидаты және мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмыс жасауын азайту шаралары бойынша мәселелері талқыланды. Кеңес мүшелері ұсынылған мәселелер талқыланып, хаттамаға енгізілді.