ШЫМКЕНТ: Қоғамдық көліктерге жолаушылар бетпердесіз кіргізілмейді

0
1 114

Қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты 23.00-ге дейін шегерілді.


ШЫМКЕНТ: Қоғамдық көліктерге жолаушылар бетпердесіз кіргізілмейді

Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысына сәйкес қаладағы қоғамдық көліктерге жолаушылар бетпердесіз кірмеу керек, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Шымкент қаласының аудан әкімдеріне, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі жән автомобиль жолдары басқармасының басшысына, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысына, Шымкент қаласының полиция департаментінің бастығына, Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелердің және үкіметтік емес ұйымдарының басшыларына, кәсіпкерлік субъектілеріне:

1) қоғамдық автокөліктерге жолаушылар бетпердесіз кіргізілмесін;

2) қалада қоғамдық автокөліктердің қозғалысы жолаушылардың ағымын ескере отырып қамтамасыз етілсін (час пик);

3) қалада қоғамдық автокөліктердің орындарынан артық жолаушылар тасымалданбасын;

4) қоғамдық көліктерде санитариялық-дезинфекциялық жұмыстар күшейтілсін;

5) Шымкент қаласының аумағындағы барлық базарларының (азық - түлік, азық-түлік емес, құрылыс тауарлары, автобөлшектер, автокөлік, мал базарлары) жұмыс уақытын сағат 06.00-ден сағат 19.00-ге дейін шектесін;

6) қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты 23.00-ге дейін бекітілсін, орындықтарды орналастыру және басқада талаптардың қатаң орындалуы №37 БМСДҚ қаулының №17 қосымшасына сәйкес орындалсын;

7) кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдары меншік нысанына қарамастан карантиндік және санитариялық-эпидемияға қарсы талаптарының орындалуы күшейтілсін;

8) сауда-ойын орталықтарының, кешендерінің, сауда үйлерінің аумағында орналасқан кинотеатрлар,балалардың ойын алаңдарының, мұз алаңдарының, батут және фудкорттардың жұмысын бастауға жол берілмесін.",- делінген Қаулыда.