Шымкент колледждерінде білім берудің көшбасшылары жұмыс жасайтын болады

0
1 599

Өзара ынтымақтастық кәсіби-техникалық біліммен қатар, техникалық қадағалау саласында да өрбімек


Шымкент колледждерінде білім берудің көшбасшылары жұмыс жасайтын болады

ERNUR.KZ. Персоналды кәсіби дамыту саласындағы әлемдік көшбасшы Шымкент қаласының колледждерінде қызмет істемек, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кәсіптік техникалық білім беру және техникалық қадағалау мәселелері Шымкент қаласының әкімдігінде TUV Rheinland Academy & Lifecare өкілдерімен кездесу барысында талқыланды.

Кездесу барысында Шымкент қаласының әкімдігіне TUV Rheinland Academy & Lifecare білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда өзара ынтымақтастықтың мүмкіндіктері таныстырылды. Өзара ынтымақтастық кәсіби-техникалық біліммен қатар, техникалық қадағалау саласында да өрбімек.

Айта кетейік, кездесу 2012 жылдан бастап сәтті жүзеге асырылған «Назарбаев-Меркель» бастамасы аясында өтті. Немістің ішкі моделін тәжірибеге енгізу бастамасы елдегі кәсіптік-техникалық білім беру үдерісін жаңғыртуға бағытталған.

Анықтама үшін: TUV Rheinland www.tuv.com - техникалық тестілеу, инспекциялау, сертификаттау және біліктілікті арттыру саласындағы жетекші әлемдік көшбасшысы болып табылатын неміс компаниясы. Сапаның, технологияның және қоршаған ортаның өзара байланыс әрекетін зерделеу TUV Rheinland концернінің мақсаты және негізгі идеясы болып табылады.