ШЫМКЕНТ: Көпбалалы аналарға 8 наурызға орай бірреттік төлем беріледі

0
7 515

Қаржылай көмек алтыдан жоғары бала тәрбиелеп отырған әйелдерге тағайындалады.


ШЫМКЕНТ: Көпбалалы аналарға 8 наурызға орай бірреттік төлем беріледі

Шымкент қаласында 8 наурызға орай көпбалалы аналарға әлеуметтік көмек беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне сәйкеc, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан жыл сайын көп балалы аналарға жергілікті бюджет есебінен мереке күндерге орай бір реттік әлеуметтік көмек төленеді.
Бүгінде қалада көп балалы аналар саны – 57 488, оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен, «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған – 11 673 анаға 17 250 теңгеден төленеді. Қаржылай көмек алтыдан жоғары бала тәрбиелеп отырған әйелдерге тағайындалады.
Бір реттік әлеуметтік көмек 8 наурызға дейін беріледі. Бір реттік төлемді алу үшін ешқандай құжат өткізудің қажеті жоқ. Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мерекелік төлемді төлеуде зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың деректер базасындағы мәліметке сүйенеді.
Айта кетейік, мерекелік қаржылай көмек көп балалы аналарға жыл сайын жергілікті мәслихаттың шешіміне сай беріліп келеді. 8 Наурыз мерекесі қарсаңында қарастырылған қаржылай көмекке 2021 жылы жергілікті бюджеттен 149 миллион теңге бөлінген. Қаладағы 10 мыңнан астам алты және одан көп баласы бар аналарға 14585(5 АЕК) теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек төленуде.

Шымкент қаласында жылдан-жылға «Алтын» және «Күміс» алқа иелері саны артып отыр. Атап айтар болсақ, Әл-Фараби ауданында жалпы 5374 көпбалалы ана бар. Оның ішінде 439-ы «Алтын», 1300-і «Күміс алқа» иегерлері. Жыл басынан аталған наградаға 95 көпбалалы ананың құжаты ұсынылған болатын. Ағымдағы жылдың шілде айында 18 ақжаулықты ана «Алтын», ал 70 ананы «Күміс» алқаларымен марапатталды.