Халықтың цифрлық біліктілігін арттыру курсы барлық уақытта да тегін оқытылады.
Шымкент қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының «цифрлы кабинет» аймағында көп балалы аналардың цифрлық біліктілігін арттыру бойынша оқу сағаттары өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазіргі таңда, орталықта жалпы 18 көп балалы анаға (жұмыс іздеу, электронды түйіндеме енгізу), enbek.kz порталы, egov.kz порталы арқылы тіркелу қажеттігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, цифрлық сауаттылықты арттыру курсынан өткені туралы сертификат табысталды.
Халықтың цифрлық біліктілігін арттыру курсы барлық уақытта да тегін оқытылады.
Тегін курсты оқуға ниетті тұрғындарды мына мекен-жай бойынша білуге болады: Бәйтереков көшесі, 89 үй.
Байланыс нөмірі: 87020863797, 39-51-31