​Шымкент коронавирустың екінші толқынына дайын ба?

0
759

Шымкентте коронавирустың екінші толқынының алдын алу мақсатында медициналық оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілді.


​Шымкент коронавирустың екінші толқынына дайын ба?

Шымкент қаласында COVID-19 және вирустық пневмонияның алдын алу мақсактында медициналық ұйымдардың дайындығын анықтау бойынша оқу-жаттығу жұмыстарын өткізді,- деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оқу-жаттығу Ikomek орталығында басталып, Асар шағынауданындағы қалалық жұқпалы аурулар орталығында жалғасты.
Әуелі «103»-ке науқастан шақырту келіп түсті. Байланыста отырған дәрігер-кеңесшілер одан алғашқы белгілерін сұрап, білді. Індетке қатысты тиісті белгілері айқын болған жағдайда ол стационарға жатқызылады. Осы секілді прцесстер оқу-жаттығу барысында пысықталды.
"Дəрі-дəрмек толық қамтамасыз етілген. Оттегі аппараттары жеткілікті. Ал бүгінгі оқу-жаттығу - болжамды толқынға дайындық. Мұның маңызы зор",- деді Шымкент қалалық жұқпалы аурулар орталығының аға дəрігері Шырымбек Бекенұлы.
Айтып өтейік, оқу-жаттығу жұмыстарына 36 БМСК ұйымы, 9 диагностикалық орталық, 7 ПТР зертхана жұмылдырылды.