​ШЫМКЕНТ: Қошқар Ата өзенінің жағалауын абаттандыру үшін қоғамдық тыңдау жүргізіледі

0
1 209

Ғабит Әбдімәжитұлы инвесторлардың эскиздік жобасымен танысты.


​ШЫМКЕНТ: Қошқар Ата өзенінің жағалауын абаттандыру үшін қоғамдық тыңдау жүргізіледі

ERNUR.KZ. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Бозарық шағынауданындағы құрылыс нысандары мен реновациялау бағдарламасы аясында қайта салынып жатқан тұрғын үйлердің жұмыс барысын бақылады.

Бозарықтағы көппәтерлі құрылыс алаңын аралау кезінде қала әкімі 9 қабатты 2 үйдің эскизін қарап, компания басшыларына бірқатар ұсынысын айтты. Ал тұрғындардың келісімімен салынып жатқан Безделеев көшесіндегі тұрғын үй кешендерінің құрылысын сапалы жүргізіп, жыл соңына дейін толық аяқтауды міндеттеді.
Сондай-ақ Ә. Молдағұлова атындағы № 29 жалпы орта білім беретін мектептің мәселесі қарастырылды. Мұнда 1400-ден аса оқушы білім алуда. Бүгінде 1964 жылы салынған мекемеде орын тапшылығы сезілуде. Мәселенің мән-жайын білген қала әкімі 600 орындық қосымша ғимарат салынатынын жеткізді. Сонымен қатар, тозығы жеткен Молдағұлова ескерткішін қалпына келтіруді тапсырды.
Аралау барысында Қошқар-ата өзенінің жағалауын абаттандыру жұмыстары пысықталды. Ғабит Әбдімәжитұлы инвесторлардың эскиздік жобасымен танысып, нақты шешім шығару үшін қоғамдық тыңдау жүргізуді жүктеді.