ШЫМКЕНТ: ​«КҮМІС ҚАЛАМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАС АҚЫНДАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

0
76

Қала әкімдігінің қолдауымен тағылымы зор байқау биыл төртінші рет ұйымдастырылып отыр.


ШЫМКЕНТ: ​«КҮМІС ҚАЛАМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАС АҚЫНДАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Бүгін Шымкент шаһарында «Наурызнама» онкүндігі аясында республикалық «Күміс қалам» жас жазба ақындар дуэлі іс-шарасы өтті.

Қала әкімдігінің қолдауымен тағылымы зор байқау биыл төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Іс-шараға биыл да еліміздің түкпір-түкпірінен келген 18 бен 35 жас аралығындағы жастар қатысты.

Биылғы «Күміс қалам» байқауы қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын Өтебай Тұрманжанұлының 120 жылдық мерейтойына арналды. Дәстүрлі жыр мерекесінің басты мақсаты – жастар арасындағы поэзияға деген қызығушылықты оятып, олардың шығармашылық әлеуетін ашу, жас таланттарды қолдау.
Қазақ поэзиясының жаңа буынына, жас ақындарға қолдау көрсетуге тұрғындар да көптеп жиналды. Сайыстың шарты бойынша ақындарды іріктей келе, айналымға 8 ақын қалып, олар бір-бірімен дуэльге шығады. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлде қызылордалық ақын Ақжол Түменбайға бұйырса, 1-орынды Түркістан облысының ақыны Мұқағали Кенжетай жеңіп алды. Жеңімпаз және жүлдегерлер қомақты қаржылай сыйақылармен, қалған қатысушылар да ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Бөлісу