Қаланың барлық мешіттерінің имамдары тұрғындарды адал, әділ болуға, парасаттылық қағидаларын ұстануға шақырды.
2019 жылдың 9 тамыз күні Құрбан айт мерекесіне орай жұма намазында 104 мешітке 30 000-нан астам келушілер қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылмен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қаланың барлық мешіттерінің имамдары тұрғындарды адал, әділ болуға, парасаттылық қағидаларын ұстануға шақырды.
Дін өкілдері адамның рухани-адамгершілік жағдайын, мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады,сонымен қатар адамдарда кез келген заң бұзушылықтарға төзбеушілікті, соның ішінде сыбайлас жемқорлықты қабылдамауды тәрбиелейді.
Аталған жұмыс ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасымен, сондай-ақ Шымкент қаласы бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ынтымақтастығы аясында ұйымдастырылды.
Атап өту керек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті барлық мақсатты топтармен, соның ішінде діни бірлестіктермен парасаттылық қағидаттары туралы тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізетінін атап өту қажет.