ШЫМКЕНТ: Құрсай шағын ауданындағы көшелерге шағал тас төсеу жұмыстары басталды

0
705

Құрсай елді мекенінде бүгінде 67 көше бар.


ШЫМКЕНТ: Құрсай шағын ауданындағы көшелерге шағал тас төсеу жұмыстары басталды

Шымкент қаласы Тұран ауданына қарастына қарасты Құрсай елді мекенінде жыл соңына дейін 40 көшеге шағал тас төселеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Құрсай елді мекенінде бүгінде 67 көше бар. Көшелердің жалпы ұзындығы 44,3 шақырымды құрайды. Оның 16 көшесі асфальтталса, 19 көшеге шағал тас төселген.

Қазіргі уақытта Құрсай елді мекеніндегі көшелерге шағал тас төсеу жұмыстары басталды. Жыл соңына дейін 40 көшеге шағал тас төселмек.
Атап айтқанда, олар: Сарыбел, Ұзынағаш, Алтын асар, Қайнарлы, Жетіжар, Шапағат, Жарқайың, Таң атар, Таң атар-1, Таң-атар-2, Таң-атар-3, Таң-атар -4, Таң атар-5, Ханшатыр, Сарғау, атауы жоқ №1,2,3,4,5,6,7,8 көшелер мен Белбұлақ, Ақтүйесай, Шорнақ, Бабақорған, Қостерек, Жылысай 1/8, Атақорған, Күмісті көл, Киіктау, Қарашығанақ, Ақ бата, Ақбата өткелі, Қосқорған, Аққыстау, Қармақшы, Бадам-1, Құрылыс көшелері.
Сондай-ақ, Шымкент қаласы Тұран ауданында аула ішілік аяқжол салу жұмыстары басталды.
Қазіргі уақытта А.Байтұрсынов көшесі №59А, №94, Ғ.Орманов көшесі №40-42, Спорт шағын ауданындағы №18-23, №14 тұрғын үйлер, Қ.Рысқұлбеков көшесі №50А, О.Жандосов көшесі №2 көпқабатты тұрғын үй кешені аумақтарында құрылыс жұмыстары атқарылып жатыр.

Аяқжол салу жұмыстарын биылғы жылдың қыркүйек айының соңына дейін бітіру жоспарланған.


Бұған дейін Тұран ауданы аумағында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлер маңын ретке келтіру және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін аула ішіндегі көшелерді асфальттау жұмыстары жүргізіліп жатқаны хабарланған болатын.

Еске салсақ, биыл Шымкент қаласында 300 шақырымнан астам жолда құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оның ішінде жалпы ұзындығы 236,3 шақырымды құрайтын 297 көше орташа жөндеуден өтеді. Орташа жөндеуден өтетіндердің арасында 24 магистралды көше болса, қалғандары ішкі орамдық көшелер.

Ал, қайта құру және құрылыс жұмыстарына тоқталар болсақ, елеулі нысандардың бірі – А-2 айналма жолы. Оның жалпы ұзындығы 31 шақырымды құрайды және қайта құру жұмыстары 8 кезең бойынша жүргізіліп жатыр. Бұған дейін Бадам өзенінің үстінен өтетін көпір мен құрылыстың 1-ші және 3-ші кезеңдері аяқталған. Биыл 2-ші және 4-ші кезеңді толығымен аяқтау жоспарланып отыр.