ШЫМКЕНТ: Құрсай шағынауданы тұрғындарының мәселелері шешімін тапты

0
821

Қала әкімінің онлайн жеке қабылдауында Абай ауданы Құрсай шағынауданының тұрғындары өз мәселелерін жеткізген болатын.


ШЫМКЕНТ: Құрсай шағынауданы тұрғындарының мәселелері шешімін тапты

Шымкент қаласы Құрсай шағынауданы тұрғындарының мәселелері шешімін тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қала әкімінің онлайн жеке қабылдауында Абай ауданы Құрсай шағынауданының тұрғындары өз мәселелерін жеткізген болатын. Балнұр Сапарова Әулие-Көл көшесіне шағал тас төсеу және автобус бағытын ұзартуды өткінген.
Қала әкімі М.Әйтенов қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысына тұрғындар өтінішін заң аясында жедел шешуді тапсырған еді. Елдімекен тұрғынының өтініші бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, 10 күн ішінде мәселелері шешімін тапты.
Бүгінде № 56 автобус бағыты «Жібек жолы базары» аялдамасына дейін ұзартылды. Қазіргі уақытта елдімекен тұрғындарын кешенді схема бойынша №21, №56 және № 96 бағыттары қала орталықтарына, базар аумақтарына дейін жеткізуде.
Сонымен қатар, шағынауданда жалпы ұзындығы 1,7 шақырым Әулие-Көл көшесіне шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді.
Шаһарда ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты әлеуметтік желіде тұрғындар тарапынан көптеген өтініштер келіп түсуде. Бұл ретте тиісті жұмыстар кезек ретімен атқарылуда.