Шымкент: қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданғандарға шәкіртақы төленеді

0
1 703

Оқу мерзімі 3 ай (1 ай теория, 2 ай тәжірибе), оқуға жолданған азаматтарға ай сайын 16 759 тг шәкіртақы қарастырылған.


Шымкент: қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданғандарға шәкіртақы төленеді

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы биылғы жылы 2000-нан астам азаматты оқуға жолдауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту топтардың жинақталуына қарай жүзеге асырылады. Қатысушылар қалалық жұмыспен қамту орталығына келіп, тиісті Заңнамаға сәйкес төмендегі құжаттарды тапсыруы қажет:
1. Жеке басын куәландыратын құжаттың;
2. Еңбек кітапшасының (болған жағдайда);
3. Білім туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом, сертификат) көшірмелері;
4. №907 бұйрықпен бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының №086-У нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманың көшірмелері қатысушылардың құрамына қосу туралы шешім қабылданғаннан кейін қосымша ұсынылады (көшірме).
Оқу мерзімі 3 ай (1 ай теория, 2 ай тәжірибе), оқуға жолданған азаматтарға ай сайын 16 759 тг шәкіртақы қарастырылған.
2020 жылы сәуір айында 1000-ға тарта азаматты оқуға жолдау жоспарлануда.