ШЫМКЕНТ: Мамандандырылған ХҚО-да «Тегін қызметке ақы төлеме!» акциясы ұйымдастырылды

0
2 230

«Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету орталығы бойынша мамандандырылған бөлімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы өз аумағында жергілікті көлік жүргізушілеріне арнап «Тегін қызметке ақы төлеме!» акциясын ұйымдастырды.


ШЫМКЕНТ: Мамандандырылған ХҚО-да «Тегін қызметке ақы төлеме!» акциясы ұйымдастырылды

Шымкентте халыққа қызмет көрсету бойынша мамандандырылған бөлімі өз аумағында жергілікті көлік жүргізушілеріне арнап «Тегін қызметке ақы төлеме!» акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Күні бүгінге дейін Шымкентте жүргізуші куәлігін заңсыз тіркеу және автокөліктерді делдалсыз тіркеу жөніндегі бірқатар шаралар өткізілген. Сондай-ақ, тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараны мемлекеттік корпорация қызметкерлері қалалық «Нұр Отан» партиясы және Полиция департаменті өкілдерімен бірге ұйымдастырды. Мемлекеттік қызмет саласында заңды бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ақпарат жазылған парақшалар таратып, ауызша кеңес берді.

«Иә мен естігенмін бұған дейін қолдан кезекті көбейтіп, соны пайдаланып делдалдар ақша істеген. Бірақ мен бүгін жеке куәлігіммен келіп, кезегімді алып, кассаға ақшасын төлеп өз құжаттарымды өзім рәсімдедім. Ешкімнің көмегіне жүгінбей-ақ, ешкімге қосымша ақша төлемей-ақ 1 сағат 10 минутта жүргізуші куәлігін алдым»,- дейді Зафар Мирзоев.

Айта кету қажет, Шымкент қаласындағы мамандандырылған ХҚО үш жыл бойы мемлекеттік қызметтерді стандарттарға сәйкес қолданылатын бизнес-үрдістер бойынша жүргізуде. Мұнда күн сайын 200-ге жуық жүргізуші куәлігі беріліп, 1000-нан астам көлік құралдары тіркеледі. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдан бері азаматтар өздеріне қолайлы кез-келген уақытта электронды үкімет порталы арқылы жүргізуші куәлігін алмастырып, автокөлікті қайта тіркей алу мүмкіндігіне ие болды. Бұл азаматтардың уақытын айтарлықтай үнемдейді және кезекке тұру қажеттігін болдырмайды.

«Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директорының орынбасары Жомарт Үмбеталиевтің айтуынша, мұндай іс-шаралар халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және «көмек» деп аталатын делдалдармен күресуге көмектеседі.

«Онлай режимдегі қызметті алу механизмі өте қарапайым. Ол үшін egov.kz порталына кіріп, өтінімді толтырып және өзінің жеке электронды цифрлық қолтанбасымен (ЭЦҚ) қол қойса жеткілікті. Өтінімге фотосурет және қолтаңбаның сканерленген суреті қоса жүктеледі. Жеке кабинетте құжаттың дайын екендігі туралы хабарлама алғаннан кейін (мобильді азаматтар базасына тіркелгеннен кейін SMS-хабарлама жолданады) мамандандырылған ХҚО – ға барып тек дайын жүргізуші куәлігін алып кетеді. Айта кетейін, жыл басынан бері онлайн режимде қала бойынша 80 астам автокөлік құралдары тіркеліп, 20 жуық жүргізуші куәлігі берілді», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директорының орынбасары Жомарт Үмбеталиев.