ШЫМКЕНТ: Медициналық көмек көрсетуге арналған портал іске қосылады

0
1 074

Енді тұрғындар үйден шықпай-ақ қашықтықтан медициналық көмекке жүгінуге мүмкіндік алады.


ШЫМКЕНТ: Медициналық көмек көрсетуге арналған портал іске қосылады

Шымкент қаласында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты халыққа қолжетімді медициналық көмек көрсету мақсатында алдағы аптада 1430.kz. порталы іске қосылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған сервис арқылы қаланың, ауданның, шалғай мекеннің әрбір тұрғыны үйден шықпай-ақ қашықтықтан медициналық көмекке жүгінуге мүмкіндік алады.
Бұл үшін 1430.kz порталында тіркеліп, қажетті маманды таңдап, онлайн-қабылдауға жазылу жеткілікті.
Онда жалпы практика дәрігерлерінен, педиатрлардан, сондай-ақ салалық мамандардан көмек ала алады.
Алдағы уақытта 1430.kz порталына тіркелу және қолдану туралы қосымша ақпарат беріледі.
Осы ретте, өзін-өзі емдеуге және дәрігердің тағайындауынсыз дәрі-дәрмек қабылдауға болмайтынын ескертеміз.