Білім ордасында 2019 жылы үш пирамидалы «FLORA&FAUNA» жаратылыстану пәндері лабораториясы ашылған.
Шымкент қаласындағы №89 ІТ мектеп – лицейінде цитрустық банан гүлдеп, өз жемісін беруде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Білім ордасында 2019 жылы үш пирамидалы «FLORA&FAUNA» жаратылыстану пәндері лабораториясы ашылып, қыркүйек айында балалар 2 дана банан өсімдігін отырғызған болатын.
Оқушылар мен жаратылыстану бағытындағы мұғалімдердің банан өсімдігін бейімдеу және өсіріп-баптау бойынша жүргізген ғылыми жобалары бүгінде жемісін берді.
Бұдан бөлек, ғылыми жұмыс барысында 10 түрлі цитрустық өсімдік егілген. Қазір лимоннан 60 түп көшет салып тұр. Банан 7 түп, мандарин - 8 түп, анар - 9, киви - 4, ананас - 4, құрма - 15, бадам - 80 түп өсімдік отырғызған.