Биылғы оқу жылында 242 525 оқушымен 19 мыңнан аса педагог оқу-тәрбие жұмысын бастады.
Бүгін Шымкент қаласындағы 223 мектепте алғашқы қоңырау соғылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Биылғы оқу жылында 242 525 оқушымен 19 мыңнан аса педагог оқу-тәрбие жұмысын бастады.
Қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан Қ.Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінде өткен Білім күні мерекесіне арналған салтанатты жиынға қатысты. Барша білім алушыларды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Жиында ұстаздар мен оқушылардың салтанатты шеруі болды. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер өлең айтып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Шымкентте жаңа оқу жылында 20 жаңа мектеп ашылды. Нәтижесінде 45 мектеп бір ауысымды, 173 мектеп екі ауысымда, 5 мектеп үш ауысымда білім береді. Білім ұяларының 97,8 пайызы бес күндік, үш ауысымда білім беретін 5 мектеп алты күндік оқумен қамтылады. Өткен жылмен салыстырсақ, бес күн оқитын мектептер – 61-ге артып, 6-күн оқитын мектептер 40-қа кеміді.
Айта кетейік, оқу бағдарламасына сәйкес, оқушылар 36 оқу аптасында 173 оқу күн оқып, 192 каникул, демалыс күндерімен демалады. Оқу жылына 2 апта қосылуына байланысты біршама мүмкіндіктерге қол жетті.
Қалалық білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, қалада өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің саны – 339, оның ішінде 102 мұғалім «әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану» мамандығына ие. Өзін-өзі тану пәнінің қысқаруына байланысты, оның 42-сі өз білім беру ұйымына әлеуметтік педагог болып орналасса, 23-і жаһандық құзыреттілік курсымен қамтылады. 37 мұғалім кәсіптік бағдар беруші лауазымына ауысты. Ал, дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің саны – 1 385. 2021-2022 оқу жылында мұғалімдердің орташа оқу жүктемесі – 24,5-ті құраған. Сараптау нәтижесінде сағатпен қамтылмаған 45 денешынықтыру пән мұғалімдеріне жаңадан ашылатын 20 жекеменшік мектептердегі 113 бос орындар ұсынылды.
Нәтижесінде, 5-11 сыныптарда денешынықтыру пәні бойынша жалпы орташа оқу жүктемесі – 16,3 сағат, бастауыш сыныптарда – 16 сағатты құрады.
Қалада орыс тілі пәні мұғалімдерінің саны – 1 310. 2021-2022 оқу жылында мұғалімдердің орташа оқу жүктемесі – 26,5-ті құраған. Сараптау нәтижесінде пән мұғалімдері сағатпен толық қамтылған.
Олардың 16-20 сағатпен – 776, 20-24 сағатпен – 521, 24-27 сағатпен – 13 мұғалім жұмыс жасайтын болады.