Шымкент: мемлекет тарапынан үй алып беремін деп ақша жымқырған алаяқ ұсталды

0
1 635


Шымкент: мемлекет тарапынан үй алып беремін деп ақша жымқырған алаяқ ұсталды

Шымкентте алаяқтық жолмен 8 миллионнан астам ақшаны қолды қылған күдікті ұсталды,- деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қалалық ПД Абай АПБ криминалдық полиция бөлімі және жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген болатын. Нәтижесінде, бірнеше азаматтың ақшасын алаяқтық жолмен ұрлаған 25 жас шамасындағы күдікті қолға түсті. Ол мемлекет тарапынан Нұрсат мөлтек ауданында орналасқан тұрғын үйлерден пәтер алып беремін деп, адамдардың сенімдеріне кірген. 5 бірдей тұрғынды алдап, 8 миллионнан астам ақшаны алған.

Аталған жағдай Абай АПБ-ның Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелген. Күдікті уақытша ұстау абақтысына жеткізілді.

Мемлекет тарапынан берілетін тұрғын үй мәселесі бойынша халыққа қызмет көрсету орталығына немесе тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына жүгіну қажет. Сондай-ақ, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасаған кезде сақ болған абзал екендігін ескертеміз.