ШЫМКЕНТ: Мемлекетті қорғаудың маңызына арналған кітаптардың тұсаукесері өтті

0
649

Басылымдарға қазіргі уақытта құпиясыздандырылған деректер мен жзбалар енгізілген.


ШЫМКЕНТ: Мемлекетті қорғаудың маңызына арналған кітаптардың тұсаукесері өтті

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Ұлттық қауіпсіздік органдарының құрылғанына 30 жыл толуына орай ҚР ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаменті Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып, «Отандық арнаулы қызметтің хроникалары» және «Мемлекеттік шекара» кітаптарының тұсаукесерін өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кітаптарда ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылуы мен мемлекетіміздің шекара шептерін қорғаудағы негізгі кезеңдері, әскери қызметкерлердің күнделікті жұмысының күрделілігі мен жан-жақтылығы жайында, сондай-ақ, жедел қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген күрделі операциялар туралы айтылған.
Басылымдарға қазіргі уақытта құпиясыздандырылған деректер мен жзбалар енгізілген. Тікелей қатысушылардың эмоциясымен байланыстырылып, қатаң деректі стильде ұсынылған жазба нақты адамдарға, оқиғалар мен фактілерге негізделген.