Шымкент мемлекеттік бюджетке түсетін қаржы жоспарын артығымен орындаған

0
2 180

Бюджетке 4 млрд. 153,5 млн. теңге артығымен түскен.


Шымкент мемлекеттік бюджетке түсетін қаржы жоспарын артығымен орындаған

Шымкентте мемлекеттік бюджетке 168,7 млрд. теңге кіріс түскен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл жөнінде бүгін әкім аппаратының мәжілісінде Шымкент қаласы бюджетінің атқарылуы туралы: «Өткен жылдың қорытындысымен мемлекеттік бюджетке түсетін түсім 157 млрд. 604,9 млн. теңге көлемінде жоспарланса, нақты түсім 168 млрд. 611,7 млн. теңгені құрап, жоспар 106,9 пайызға орындалды. Оның ішінде 2018 жылы республикалық бюджетке 96 млрд. 450 млн. теңге түсіп, жоспар 107,6 пайызға орындалды. Сонымен қатар, қала бюджетінің кіріс бөлігі 106,1 пайызға орындалып, нақты түсім 72 млрд. 161,7 млн. теңгені құрады немесе 4 млрд. 153,5 млн. теңге бюджетке артық түсті», - деп мәлімдеді қаржы басқармасының басшысы К.Жанбосынов.

Сондай-ақ, басқарма басшысы шығыс бюджетінің қаражаттары есепті кезеңге 99,9 пайызға игерілгенін айтып өтті.

Қала әкімі Ғ.Әбдірахымовтың төрағалығымен өткен жиында мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алу мәселелеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жайы түсіндірілді. Алдағы жылдары қаланың даму жолында жұмыс атқарылатынын айтқан қала басшысы бөлінген мемлекет қаражатының тиісті деңгейде орындалуын жіті назарда ұстауды сала жетекшілеріне тапсырды.

дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөзі