ШЫМКЕНТ: Мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлық мәселелері талқыланды

0
1 579

Шымкенттік әкім сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған бірлескен шараларды іске асыруға дайын екендіктерін айтты.


ШЫМКЕНТ: Мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлық мәселелері талқыланды

«Шымкент-адалдық алаңы» жобасы аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаменті Әл-Фараби ауданы әкімдігінің активімен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Аталған жиналыста алғашқы болып сөз алған Департамент басшысы А.Жұмағали Агенніктің міндеті жайлы айтып берді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияға сәйкес басты мақсат ретінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу белгіленген. Осыны негізге ала отырып, Агенттіктің жаңа құрылымынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың басымдылығы көрінеді.Біздің бірлескен міндетіміз сыбайлас жемқорлық себептерін жоюға бағытталған алдын алу шараларын дайындау болуы тиіс», - деп атап өтті А.Жұмағали.

Сондай-ақ, Департамент басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлықтың жағдайына, бірлесіп шешуді талап ететін проблемалық мәселелерге тоқталды.

Ал, Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ. Мәуленқұлов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған бірлескен шараларды іске асыруға дайын екендіктерін жеткізді.