ШЫМКЕНТ: Мемлекеттік мекемелер "Open space" форматына көшіп жатыр

0
2 353

Бұл бастаманы қазіргі уақытта білім беру және денсаулық сақтау мекемелері белсенді қолдауда.


ШЫМКЕНТ: Мемлекеттік мекемелер

Шымкенттегі мемлекеттік мекемелер "Open space" форматына өтуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруды тапсырған болатын.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мемлекеттік мекемелермен бірлесіп, "Open Space" форматына көшіру және басшылар кабинеттерін әкімшілік ғимараттардың бірінші қабаттарына ауыстыру бойынша жұмыс жүргізуде.

Бұл бастаманы қазіргі уақытта білім беру және денсаулық сақтау мекемелері белсенді қолдауда.

Осылайша, Шымкент қалалық білім басқармасының №5 орта мектебінің әкімшілігі ғимараттың бірінші қабатында "Open Space" форматында жабдықталған кабинеттерде орналасқан.

Сондай-ақ, Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-гимназиясының басшылығымектептің 1-қабатында ашық кабинетте азаматтарды қабылдауда.

Осыған ұқсас Шымкент қаласының №1 қалалық емханасы мекемеде ашықтықты қамтамасыз ете отырып, өзінің жұмысын "Open Space" форматында бастады.

"Open space" форматы демократиялықты, корпоративтікті сақтау, құжаттармен жұмыс істеуді жеңілдету, ең бастысы азаматтардың мәселелерін тез әрі жедел шешу сияқты артықшылықтарға ие.

Сонымен қатар, "Ашық кабинеттер" призмасы арқылы ашықтық қағидаттарын пайдалану сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтудың тиімді тетігі болып табылады.

Жалпы, бүгінгі күні Шымкент қаласы бойынша 7 денсаулық сақтау ұйымының басшыларыәкімшілік ғимараттардың 1 қабатына көшірілсе, 68 білім беру мекемесінің директорлары ауданы кең кабинеттерін босатып, бірқатары мектеп ғимараттарының бірінші қабатына орналасып, кезең-кезеңімен "Open Space" форматын енгізуде.