ШЫМКЕНТ: Мемлекеттік жәрдемақы алушыларға ай сайын 9,5 миллиард теңге қаржы жұмсалады

0
1 214

Олардың жалпы саны 267,4 мың адамға жеткен.


ШЫМКЕНТ: Мемлекеттік жәрдемақы алушыларға ай сайын 9,5 миллиард теңге қаржы жұмсалады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласы Ішкі саясат және дін істері басқармасының Ақпараттық коммуникациялық орталығында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен баспасөз брифингі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аталған жиында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Нұрсейітов Аманжол атқарылған жұмыс барысын баяндай келе, 2019 жылдың 9 айында халықты әлеуметтік қорғау саласы бойынша 109 тексеру тағайындалғандығын атап өтті. Оның ішінде әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының жұмыс сапасы мен талапқа сай жабдықталуына байланысты жоспардан тыс 84, профилактикалық 19 тексеру жүріп, қорытындысы бойынша 83 мекемеге еркерту берілген және 72 мекемеге 10 млн. 895 мың теңге көлемінде айыппұл салыныпты.

Сондай-ақ, брифинг барысында департамент басшысы зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау, медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізу, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау жұмыстары және атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктері жөнінде баяндады.

«2019 жылдың 9 айында – 34,9 мың адамға әлеуметтік төлем тағайындалды, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14%-ға артқан. Тиісінше, республикалық бюджет есебіненберілетін зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың Шымкент қаласы бойынша жалпы саны 267,4 мың адамға жетіп, айына 9,5 млрд. теңге қаржы жұмсалып жатыр», - деді А.Нұрсейітов.

Сонымен қатар, аталған департамент басшысы мүгедектрді оңалту орталығы өз жұмысын жақсы деңгейде атқарып жатқандығын және ол азаматтарды оңалтудың жеке бағдарламасы өз жемісін беріп жатқанын айтты.