Аталған байқауға жалпы қала бойынша 100-ге жуық көпқабатты үй өтінім берген.
Шымкент қаласында өткен жылдың қазан айында бастау алған «Менің гүлді аулам» байқауының жеңімпаздарын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталған байқауға жалпы қала бойынша 100-ге жуық көпқабатты үй өтінім тастап, арнайы құрылған комиссия мүшелері әр ауланы аралап, тұрғындармен кездесіп, критерийлерге сәйкес бағасын берді. Енді сәуір айының соңына дейін жеңімпаздарды марапаттау шарасы қалалық фестиваль форматында ұйымдастырылатын болады.
Атап айтқанда, «Үздік Наурыз көже», «Үздік палау», «Үздік кәуап», «Үздік самса», «Үздік фаст-фуд», «Үздік десерт». Нәтижесінде жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жалпы іс-шараға 30 мыңға жуық адам қатысты.
Айта кетейік, Шымкент қаласына келуші туристердің саны жыл санап артып келеді. 2022 жылдың 12 айында қалаға келушілер саны 448 797 адамды құрап отыр. Ішкі туризм бойынша келушілер саны 412 268 адам, өткен жылмен салыстырғанда 136,2%-ға артып отыр. Ал, кіру туризмі бойынша келушілер саны 36 529 адам, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есеге ұлғайған. Бүгінде республикалық көрсеткішке сәйкес, қалаға келген туристер саны бойынша Шымкент қаласы 3-орында тұр. Оның ішінде ҚР азаматтары бойынша 4-орын, резиденттер еместер (шет ел азаматтары) бойынша 4-орында.