Аталған елдімекендерге канализациялық желілерді жүргізу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, 2020 жылы сараптамалық қорытынды алынған болатын.
Шымкент қаласы Мирас, Шапағат-2 шағын аудандарында кәріз жүйелерінің құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Аталған елдімекендерге канализациялық желілерді жүргізу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, 2020 жылы сараптамалық қорытынды алынған болатын. Мердігер мекеме 2021-2023 жылдарға құрылыс жұмыстарына бөлінген бюджет қаражаты есебінен кәріз желілерін тартуда.
Одан бөлек, жыл соңына дейін 72 мыңға жуық адам сапалы ауыз сумен қамтылады. Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша қазіргі таңда 81 елді-мекеннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтылған. Қалған Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ елді мекендері кестемен қамтамасыз етілуде. Биыл Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші ауданы, Жаңа құрылыс аудандарында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылдың қорытындысымен 6 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі. Нәтижесінде 72 мыңға жуық адам сапалы ауыз сумен қамтылып, Шымкент қаласы бойынша ауыз сумен қамту ету көрсеткіші 98,5%-дан 100%-ға дейін өседі.