Ауыз су, электр жарығы, табиғи газбен, интернетпен толық қамтылған.
Шымкент қаласы Еңбекші ауданына қарасты Мирас шағын ауданында биыл кәріз жүйесінің құрылысы басталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мираста 8 мыңға жуық тұрғын қоныстанған. Шағын ауданда 10 балабақша бар.
Ауыз су, электр жарығы, табиғи газбен, интернетпен толық қамтылған. Ал биыл кәріз жүйесінің құрылысы басталады. Бұл туралы қала әкімі М.Әйтеновтің Еңбекші ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында айтылды.
39 көшенің 16-сы асфальтталған, қалғанына шағал тас төселген. 2024 жылы -Шапағат, Гүлстан, Жаужұмыр, Жаушықұм, Жетітөбе, Алтынтау, Өтеген, Тұлпар, Желдіқара, Алтынайдар, Барсығанкөл көшелеріне, 2025 жылы – Дарын, Азаттық, Өркен, Әлем, Көкбұлақ, Маятас, Ескіөзен, Бүркіт, Алтын су, Каскасу, Шоқтал, Өтегенбұлақ көшелеріне асфальт төселеді.
Екі көше жарықтандырылған. 2023-2025 жылдары 6 көшеге жарықшамдар қойылады. Олардың қатарында Жаңа жол, Дербес, Қаскасу, Азаттық, Өркен, Мәртөбе көшелері бар.