Шымкент: Мүмкіндігі шектеулі жандарға электронды қоларба беріліп жатыр

0
941

Биыл Шымкент қаласына 406 дана электронды қоларба бөлінген. Осы кезге дейін 100 данасы келіп, I, II-топтағы мүгедектерге үлестірілуде. Қалғаны жыл соңына дейін толық таратылады.


Шымкент: Мүмкіндігі шектеулі жандарға электронды қоларба беріліп жатыр

Қазан айының екінші жексенбісі Қазақстанда мүгедектер күні болып бекітілген. Осыған орай, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Шапағат» оңалту орталығында болып, мекеменің жұмысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Шапағат» мүгедектерге арналған оңалту орталығы» психо-неврологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан, I, II-топтағы мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Өткен жылы ашылған орталық 70 орынға лайықталған. Онда келушілерге барлық жағдай жасалған.

Мұрат Дүйсенбекұлы мемлекет мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әрдайым қамқорлық көрсететінін, әлеуметтік төлемдердің мөлшері тұрақты түрде өсіп келе жатқанын айтты.

Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі 37 мыңға жуық жанға әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында биыл бюджеттен бөлінген қаржыға арнайы құралдардың 55 түрі сатып алынды.

Биыл Шымкент қаласына 406 дана электронды қоларба бөлінген. Осы кезге дейін 100 данасы келіп, I, II-топтағы мүгедектерге үлестірілуде. Қалғаны жыл соңына дейін толық таратылады. Бюджеттен қосымша 1 210 серуендік және бөлмелік қоларба алуға келісімшарт түзілген.

Сонымен қатар Шымкенттегі алты арнаулы әлеуметтік мекеме мүгедектігі бар 1 725 адамға қызмет көрсеткен.

Атап айтқанда,психоневрологиялық ауытқуы бар, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған балалар менпсихоневрологиялық ауруы бар 18 жастан асқан азаматтар, І және ІІ-топтағы мүгедектер мен қарттарға стационарлық, жартылай стационарлық режимде және үйде оңалту шаралары жүргізілген.

Мұнан бөлек мемлекеттік мекемелерге альтернатива ретінде үкіметтік емес ұйымдар да осы санаттағы азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсетуде.