Жолаушыларға қолайлы болу үшін қоғамдық көліктер белгіленген нүктеден қаланың орталық көшелері арқылы жүріп өтеді.
"Наурыз Шымкенттен басталады" іс-шарасы аясында ипподромға қала тұрғындары мен қонақтарын 5 нүктеден үздіксіз тасымалдау ұйымдастырылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Астана алаңы (әкімшілік-іскерлік орталығы)
Айта кетейік, «Наурыз Шымкенттен басталады» кешенді жоспары аясындағы іс-шаралар желісі бүгін Шежіре күнімен жалғасты.
Мәдениет мекемелерінің қызметкерлері шежірелі тарихымыздан сыр шерткен Әл-Фараби бабамыздан бастап, шығыстың шайырлары, Абылайханның дәуірін, Домалақ ана, Қыз Жібек және ұлттық киімдегі ходулистер, қыз көші көріністерін қойды. "Арбат” алаңы арқылы «Қиял әлеміне» беттейтін көш халық өмірінің тарихи эпизодтарына құрылған. Сахналық көріністер домбыра-сырнай әуенімен әсерлі өрбуде. Көш арнайы белгімен кері қайтып, күн бойына бірнеше рет көрсетіледі. Шежіремізді тарқатып, түп-тамырымызды тануға сеп болатын мерекелік шаралар кешке дейін жалғасады.