Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталып, тұрғындарға пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданына қарасты Наурыз мөлтек ауданында кәріз құбырлары тартылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгінде Тайман, Еркіндік, Сүлейменов және Мейірбеков көшелері қазылып, құрылыс жұмыстары қызу жүргізілуде. Кәріз жүйесіне арналған құбыр Қазиев көшесіндегі коллекторға қосылады.
Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталып, тұрғындарға пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Оған жауапты мердігер мекеме «ГХ Шымкент газ» ЖШС-гі болып табылады.