Шымкент өкілдері Түркия президентінің қатысуымен өткен одақ жиынына қатысты

0
490

“Türk Dünyasi Belediyeler Birligi” кеңесінің мүшелері жергілікті атқарушы органдардың даму жайын талқылап, тәжірибелерімен бөлісті.


Шымкент өкілдері Түркия президентінің қатысуымен өткен одақ жиынына қатысты

Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов пен Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров, Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Біржан Әзімбердиев бастаған өкілдер Түркітілдес елдері муниципалитеттері одағының VI кезекті отырысына қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Үш күнге созылған жиынның алғашқы күнінде Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған іс-шараға арнайы қатысты.

“Türk Dünyasi Belediyeler Birligi” кеңесінің мүшелері жергілікті атқарушы органдардың даму жайын талқылап, тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, жергілікті басқару органдарының беделін жоғарылату және бірегей басқару жүйесін жетілдіру арқылы жергілікті халық жағдайын жақсарту жайын сөз етті.
Ассамблеяның негізгі бөлігі түркі әлемінің мәдени астанасы атанған Бурса қаласында өтті. Бурсада екі күн қатарынан жергілікті басқарушы органдар арасында халықаралық конференция ұйымдастырылды. Жалпы, аталған іс-шараға 30 ел қатысқан. Ассамблеяға қатысушы Қазақстан қалалары ішінде Шымкент пен Түркістан қалалары бар.