Оқушыларды ұстаздары ажыратып алған.
Шымкент қаласында №77 мектептің оқушысын 50 теңге бермегені үшін өзінің сыныптасы соққыға жыққан, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Шымкент қаласындағы Қ.Қазиев көшесінің бойында орналасқан Асанбай Асқаров атындағы №77 мектептің 9 сынып оқушысы сабақ аралық үзіліс кезінде параллель сыныпта оқитын А.Н. деген сыныптасын соққыға жыққан. Әбүйір болғанда, екі шәкірттің төбелесін ұстаздары көріп қалып ажыратыпты.
«23 сәуір күні 4-ші сабақтың коңырауы үзілісі кезінде келіп 50 теңге ақша сұрады, мен бермеймін дедім. Оның алдында да 20 теңге беріп жүргенмін бірдеңкеге жетпей жүрген шығар деп. Кейде менде де болады жетпеушілік сөйтіп бергенмін. Одан кейін 50 теңге сұрады. Менің өзіме керек бере алмаймын дедім. Ол шешемнен боқтады, сосын шешеден боқтамасай деген едім. Сонда да боқтап кетті. Сол 2-3 минуттан кейін қайттан келіп мені туалетке шақырды, мен туалетке бармаймын деген едім сол жерде мені ұрды», - дейді жәбірленуші А.Н.
Бұл жағдайға байланысты мұғалімдер екі оқушының ата-анасын мектеп қабарғасына шақыртқан.
«Мен немереме қарап отырғанмын. Үйде ешкім жоқ еді. Мектепке баламды жібердім. Ол барса жаңағының мамасы мен папасы келіп отыр екен. Папасы ашуланып, "жүр, бірге-бірге шығамыз, төбелесеміз" депті балама. Сөйтсе балам айтыпты, сіз үлкен кісісіз мен сізбен төбелеспеймін депті. Сөйтсе мамасы өзіңнің балаңның бәлесі бар, әйтпесе не үшін ұрады деп шығыпты. Соңғы жағында әйтеуір баламнан кешір-кешір деп кетіпті. Қазір врачтар сотрясение (ушиб мягкий ткани) деп қойды, больницаға жат деді, қазір больницаға келіп қатынайтын жағдай жоқ, немереме қараймын. Азанда жетекшісі звондады, әке-шешесі келді ме деп сұрады. Жоқ! Әке-шешесі келген де жоқ, кешірім де сұраған жоқ деп айттым. Кеше сағат 17:00 мен18:00-де звондағам, мына балаға МРТ түсіру керек, құсып жатыр дедім, ол "мақұл, түсіремін" деді де әкесі сол күйі келген жоқ", - дейді соққыға жығылған баланың анасы Ляззат Қалыбековна.
Бұл оқиғаға қатысты біз жауапты мекемелерге хабарластық, әзірге қандайда бір ақпарат беруге асығар емес. Десе де, жағдайды ERNUR.KZ бақылауына алып, жіті бақылайтын болады. Жауапты мемлекеттік мекемелер тарапынан осы жайтқа қатысты қосымша деректер шығатын болса, хабарлайтын боламыз.