ШЫМКЕНТ: Өңірлік үшжақты комиссия отырысы өтті

0
605

Жиын барысында 2021-2023 жылдарға арналған өңірлік келісімге қол қойылды.


ШЫМКЕНТ: Өңірлік үшжақты комиссия отырысы өтті

Шымкентте әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік үшжақты комиссияның көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жиынға қала әкімінің орынбасары М.Исахов, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, Шымкент қаласындағы Қазақстан Республикасы жұмыс берушілер Конфедерациясының өкілі Альберт Толщин және кәсіподақ төрағалары мен қызметкерлері, мемлекеттік басқарма басшылары мен медиаторлар қатысты.
Халықаралық еңбек ұйымының мәліметі бойынша жыл сайын дүние жүзінде жұмысшылар өндірісте 270 млн жазатайым жағдайдан зардап шегіп 2,3 млн. астам еңбеккер жұмыс орындарында жазатайым жағдайдан немесе кәсіби аурулардың салдарынан қаза болады.
Ал Шымкент қаласында орналасқан мекемелер мен кәсіпорындарда өткен жылы 48 жазатайым оқиға орын алып, нәтижесінде 56 адам зардап шегіп, 9 адам қайтыс болды. Биылғы көрсеткіш бойынша 8 жазатайым оқиға орын алып, 12 адам зардап шегіп, 1 адам қайтыс болды. Көрсеткіштер өткен жылдық кезеңмен салыстырғанда төмендеу динамикасында.
Үшжақты комиссия аясында әр түрлі сала басшыларының қатысуымен қала аумағында әлеуметтік шиеленістің, еңбек жанжалдарының алдын алу, жалақы қарыздарын болдырмау, өндірістердегі жарақаттану деңгейін төмендету бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.
Жиында Шымкент қаласындағы кәсіпорындардың мониторингі бойынша анықталған еңбек дауы болуы мүмкін жағдайлар және жалақы қарыздары, арыздар аясында басқарма басшыларының есебі, сондай-ақ, Татуластыру орталығына келіп түскен еңбек даулары бойынша арыздардың қаралу нәтижесі және қала аумағындағы кейбір мекемелерден міндетті зейнетақы жарналарының азайып кету мәселесі қаралды.
Сонымен қатар, Шымкент қаласының әкімдігі, «Шымкент қаласының «Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі және «Қазақстан Республикасы жұмыс берушілер Ұлттық Конфедерациясы» заңды тұлғалар бірлестігі арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған өңірлік келісімге қол қойылды.