ШЫМКЕНТ: «Ордабасы» өз алаңында жеңіске жетті

0
517

«Ордабасы» өз алаңында Тараздың «Тараз» командасын қабылдап, 3:2 есебімен басым түсті.


ШЫМКЕНТ: «Ордабасы» өз алаңында жеңіске жетті

Шымкент қаласында футболдан ҚР Чемпионаты премьер-лигасының ойыны өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының он төртінші турында «Таразбен» кездесті. Матч Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтіп, 3:2 есебімен алаң иелері жеңіске жетті.

Ойынның 8-минутында Эльхан Астанов пенальтиді сәтті орындады. 15-минутта Всеволод Садовский есепті еселеді, ал төрт минуттан кейін Милен Гамаков өз қақпасына гол соғып алды. Бірінші тайм аяқталар тұста «Ордабасы» қақпасына пенальти белгіленді. Нүктеге келген Әлішер Сүлей Бекхан Шайзададан айласын асыра алмады. Дәл сол сәтте айып алаңында тәртіп бұзылып, «Тараз» тағы да пенальти тебетін мүмкіндікке ие болды. Бұл жолы Жақып Қожамберді мүлт кетпеді. Екінші таймда Абылайхан Жұмабек командасының екінші голын соқты.

Футбол ойынының көрермені болған қала әкімі Мұрат Әйтенов команданың бүгінгі жеңісі қала күніне үлкен тарту болғанын айтты. Жеңімпаздарды жеке құттықтап, мегаполис абыройын асқақтатқан футболшыларға алғысын білдірді.