ШЫМКЕНТ: «Отбасыда зорлық-зомбылық жоқ» акциясы өтті

0
1 361

Отбасылық агрессияға қарсы 21 маусымда басталған іс-шара 30 маусымға дейін жалғасады.


ШЫМКЕНТ: «Отбасыда зорлық-зомбылық жоқ» акциясы өтті

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімдігінің қызметкерлері «Сана сезім» құқықтық орталығымен бірлесе «Отбасыда зорлық-зомбылық жоқ» атты республикалық акциясын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Акцияға «Самғау сенім Орталығы», Жастар Ресурстық Орталығы еріктілері, қалалық полиция департаментінің «Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау» тобы қатысты. Іс-шара барысында қаланың адам көп шоғырланатын жерлерінде әйелдерге зорлық-зомбылықтың алдын алу турасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бүгінде Шымкент қаласында отбасылық жағдайдағы зорлық-зомбылыққа душар болған жандарға қол ұшын созатын «Сана сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы жұмыс атқарып келеді. Орталық құқығы тапталған қыз-келіншектерге тегін және жасырын түрде заңды көмек беріп, Полицияға және мемлекеттік органдарға жүгінуге көмектеседі.
Отбасылық агрессияға қарсы 21 маусымда басталған іс-шара 30 маусымға дейін жалғасады.