Оның ішінде 10 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 50 жағдай (40 симптоммен, 10 симптомсыз) тіркелген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оның ішінде 17 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 33 адам үй бақылауына алынды. Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Сондай-ақ бір тәулік ішінде қалада 6220 адам вакцина алды (I компонент-3831, II компонент-2389). Егу науқаны басталғалы барлығы 243 390 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 143 729 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы бойынша мониторинг жүргізетін 24 мобильдік топ жұмыс атқаруда. 24 маусым күні 174 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 10 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды (170 кәсіпкерлік нысан, 4 жеке нысан).