ШЫМКЕНТ: Өзендер мен каналдарды тазалау жұмыстары жалғасып жатыр

0
819

Әлімбетов көшесіндегі “Жаңа шек” пен Бәйдібек би көшесінің бойымен өтетін “Чинат-1” каналдарына механикалық және санитарлық тазалау жүргізілді.


ШЫМКЕНТ: Өзендер мен каналдарды тазалау жұмыстары жалғасып жатыр

Шымкент қаласының аумағындағы өзендер мен каналдарды тазалау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының тапсырмасымен мердігер мекеме қызметкерлері Республика даңғылы мен Алматы тас жолы арқылы өтетін “Қошқар-ата” мен Республика даңғылының бойындағы “Қарасу” өзенін қоқыстан тазартты.

Сонымен қоса, 2 каналға Әлімбетов көшесіндегі “Жаңа шек” пен Бәйдібек би көшесінің бойымен өтетін “Чинат-1” каналдарына механикалық және санитарлық тазалау жүргізілді.

Айта кетейік, Шымкент бір аптада 200 тонна күл-қоқыстан тазартылды.

Соңғы бір аптада Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты Жаңа шек, Бозарық, Чинат-1, Ынтымақ, Қос-диірмен каналдарына және Қошқар-ата мен Қарасу өзендеріне тазалау, ретке келтіру жұмыстары жүргізілді. Күз, қыс айларындағы жауын-шашын әсерінен судың канал мөлшерінен асып, тасу қаупінің алдын алу жұмыстары жүргізілді.

“А-III group” мердігер мекемесіне басқарма тарапынан тапсырма беріліп, тазалау жұмыстарына 40 қызметкер мен 4 камаз, 2 экскаватор жалпы саны 6 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде каналдар мен өзен бойлары 200 тоннаға жуық қоқыстан тазартылды.

Еске сала кетейік, Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасы бойынша мегополисте санитарлық тазалау жұмыстары күшейтіліп, төрт аудан аумағында тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келді. Бүгінде тазалық жұмыстары кезеңінде, Еңбекші ауданы аумағында орталық көшелердің ирригациялық арықтары мен көше бойларын тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, аудан аумағындағы тазалық жұмыстары аудан әкімі аппаратының толық бақылауында болады.

Тазалық жұмыстары Абай ауданында да жалғасты. Аудан аумағында санитарлық тазалық, шөп ору жұмыстары жүргізілді. Бүгінде ауданда мердігер мекеме тарапынан негізгі көшелер мен ішкі орамдық көшелердің және аулалардың санитарлық тазалық жұмыстары күнделікті таңғы сағат 5:00-ден бастап жүргізілуде. Орталық көшелердегі қоқыс алаңдары күнделікті, ішкі орамық көшелер аптасына бір рет тазаланады. Тазалық жұмыстарына мердігер мекеме «Build Stroi» ЖШС тарапынан 300-ге жуық жұмысшы мен 120 техника жұмылдырылған.