Полиция қызметкерлері 3 қылмыстық топты құрықтаған.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
ҚР ІІМ нұсқауына сәйкес Шымкент қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі және криминалдық полиция қызметкерлерімен пәтер ұрлығы бойынша қылмыстарды тез арада анықтап, алдын алу және жолын кесу мақсатында «Пәтер» жедел-алдын алу іс-шарасы өткiзілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2019 жылдың 12-14 тамыз күндері өткен іс-шара барысында пәтер ұрлығы қылмыстарын жасағаны үшін 3 қылмыстық топ құрықталып, жалпы 30 тұлға ұсталды және қала аумағында 13 пәтер ұрлығы тіркеліп, оның барлығы тәулік ішінде ашылды.
Сонымен қатар, бұрын орын алған пәтер ұрлығына қатысты 47 қылмыстық іс ашылып, полицейлер қаладағы барлық базарларды, алтын алып-сататын 17 орын, 20 ломбард және 30 темір қабылдайтын орындарды тексерген.