ШЫМКЕНТ: Полицейге 50 мың теңге пара бермек болған азамат ұсталды

0
1 113

Шымкент қаласы ПД Абай аудандық полиция басқармасының анықтаушысы полиция лейтенанты Жанәбіл Амангелдіге өзінің өндірісіндегі билік өкілін қорлау бойынша істі қысқартуға ықпал ету үшін 50 мың теңге көлемінде пара бермек болған.


ШЫМКЕНТ: Полицейге 50 мың теңге пара бермек болған азамат ұсталды

Шымкент қаласында тәртіп сақшысына елу мың теңге көлемінде пара бермекші болған азамат құрықталды - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


2019 жылғы 6 наурызда жергілікті жердің тұрғыны Шымкент қаласы ПД Абай аудандық полиция басқармасының анықтаушысы полиция лейтенанты Жанәбіл Амангелдіге өзінің өндірісіндегі билік өкілін қорлау бойынша істі қысқартуға ықпал ету үшін 50 мың теңге көлемінде пара бермек болған.
"Пара беру жайты бойынша Шымкент қаласы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен ҚР ҚК-нің 367-бабы «Пара беру» бойынша қылмыстық іс қозғалған, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР ҚК-нің 367-бабының 1 бөлігіне сәйкес, «мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген лауазымды тұлғаның жеке өзіне немесе делдал арқылы пара беру жайтына қатысты – пара берушінің мүлкі тәркіленіп немесе бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның он еселенгеннен жиырма еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген",-деп мәлімдейді Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.