Шымкент полицейлері бір күнде 500-ден астам жол қозғалысы ережелерін бұзу жайтын анықтады

0
1 061

Ең көп заңбұзушылық жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін пайдалану бойынша талаптарды сақтамау бойынша тіркелген.


Шымкент полицейлері бір күнде 500-ден астам жол қозғалысы ережелерін бұзу жайтын анықтады

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады. Аталған ақпаратқа сүйенсек, Шымкент қаласында 2019 жылдың 21-27 қазан аралығында өтетін іс-шараның бірінші күнінің қорытындысы бойынша полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзудың 563 жайты анықталған.

Оның ішінде:

ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 8-бөлігі «Жолаушыларды, багажды автомобильмен тұрақты немесе тұрақты емес тасымалдауды, сондай-ақ жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде рейс алдындағы техникалық қарап-тексеруден өтпеген автокөлiк құралдарын пайдалануға шығару, сондай-ақ рейс алдындағы медициналық қарап-тексеруден өтпеген жүргiзушiнiң басқаруына рұқсат беру» бойынша – 2;

ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігі «мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқару» бойынша – 4;

ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы «көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонды немесе радиостанцияны пайдалануы» бойынша -25;

ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы «жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін пайдалану бойынша талаптарды сақтамау» бойынша - 35;

ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы «маневр жасау ережелерін бұзу» бойынша - 12;

ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы «бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушінің тыйым салатын қимылына жол жүру» бойынша - 8;

ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы «жаяу жүргіншілерге немесе жол жүрісінің өзге де қатысушыларына жүруге басымдық бермеу» бойынша - 4;

ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы «құжаттарсыз және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы» бойынша - 3;

ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы «Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы» бойынша – 30 заңбұзушылық тіркелген.