Шымкент полицейлері түнгі рейд кезінде кәмелетке толмаған жасөспірімдерді ұстады

0
2 062

Олардың арасында ішімдікке мас болғандары да бар.


Шымкент полицейлері түнгі рейд кезінде кәмелетке толмаған жасөспірімдерді ұстады

2019 жылдың 28 қазаны мен 2 қарашасы аралығында Шымкент қаласы Еңбекші ауданының аумағында полиция қызметкерлері жедел алдын алу іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының аумағында кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық жасауына жол бермеу, құқықтық ақпараттандыру, салауатты өмір салтын насихаттау және қадағалаусыз балаларды, сондай-ақ қоғамға қауіпті іс-әрекеттер жасайтын және құқық бұзушылық жасауға бейім кәмелетке толмағандарды анықтау, ата-аналардың жасөспірімдерді тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін орындамайтын ата-аналарды жауапкершілікке тарту мақсатында түнгі рейд өтті.

Аталған рейдтің нәтижесінде полиция қызметкерлері көшелерден, ойын-сауық орындарынан 32 кәмелетке толмаған балаларды анықтаған. Сондай-ақ, оның ішіндегі 6-ы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылып, 25-жасөспірімнің ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігімен «сағат 23:00 ден 06:00 ге дейін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз», 1 жасөспірімнің ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 2-бөлігімен «жасы он сегізге толмаған адамдардың қоғамдық орындарға масаң күйде келу» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған.

Сонымен қатар, іс-шара барысында ювеналды полиция инспекторлары жасөспірімдер және олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгімелесу өткізіп, тиісті кеңес берген және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізген.