Шымкент қаласы Полиция департаментінің мұражайымен танысуға қаладағы №4 балалар үйінің тәрбиеленушілері саяхат жасады.
Балалар үйінің тәрбиеленушілері Шымкент қаласы Полиция департаментіне экскурсия жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Балалар полиция қызметімен танысып, мұражайдағы Ішкі істер органдарының қызметкерлері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен батырлары туралы мағлұматқа қанықты. Балалар үйінің тәрбиешісінің жетекшілігімен келген балаларға Шымкент қаласы полиция департаментінің мұражай меңгерушісі Гүлнәр Қожамжарова ІІО-ның құрылу тарихын айтып, әңгімелеп берді.
Сонымен қатар, Шымкент қаласы ПД Ақпараттық-аналитикалық орталықтың арнайы мемлекеттік архивінің қызметкерлері балаларға бұрынғы әскери тұтқынға алынғандар мен Германиядан жер аударылған КСРО азаматтарының қылмыстық істер туралы мәліметтерді көрсетті.
Мұражайдан шыққан соң балалар Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Ералы Жумаханбетовпен бірге суретке түсіп, Департамент ғимаратының алдындағы ерлікпен қаза тапқан қызметкерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Ұжымдық түрде ұйымдастырылатын мұндай шаралар тарихты тереңірек біліп, полиция қызметімен танысуға мол мүмкіндік береді.