ШЫМКЕНТ: Полиция қызметкерлері балалар үйінің тәрбиеленушілерін қамқорлығына алды

0
1 801

Полицейлердің игі ісіне дүкен сатушылары да қосылып, сыйлықтар алуға көмектескен.


ШЫМКЕНТ: Полиция қызметкерлері балалар үйінің тәрбиеленушілерін қамқорлығына алды

Шымкенттік полицейлер балар үйіндегі бүлдіршіндерге қуаныш сыйлап жүр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Еске сала кетсек, қала әкімі Ерлан Айтаханов Шымкентті «қайырымды қала» деп атауды ұсынған. Осыған байланысты, 2019 жылдың басында Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері департамент бастығы полиция полковнигі Ералы Жұмаханбетовтың бастамасымен Шымкент қаласының №4 Сайрам балалар үйінің тәрбиеленушілерін қамқорлығына алды. Сондай-ақ, осы уақыт ішінде полицейлер балаларға бірнеше рет барып, қуанышқа бөлеген болатын.

Сол секілді 2019 жылдың 9 қарашасында Шымкент қаласы ПД Жедел басқару орталығының қызметкерлері киім-кешек, түрлі ойыншықтар мен спорттық құрал-саймандар сатып алып, балаларға қонаққа барды. Полицейлердің игі ісіне дүкен сатушылары да қосылып, сыйлықтар алуға көмектескен.

Айта кетейік, №4 балалар үйі тәрбиеленушілерінің полицейлермен әр кездесуі мейірімді және жарқын мерекеге айналады. Әр жолы балалар көтеріңкі көңіл-күйде болып, өздері үшін маңызды жылулық пен қамқорлықты сезінеді.