ШЫМКЕНТ: ​Полиция шақырған қыздарға тәртіп сақшысы шабуыл жасаған (видео)

0
332

Полицей өзін таныстырмай, құжаттарын да ұсынбаған.


ШЫМКЕНТ: ​Полиция шақырған қыздарға тәртіп сақшысы шабуыл жасаған (видео)

сурет: видеодан скришот жасалған

ERNUR.KZ. Шымкент қаласында полиция шақырған қыздарға тәртіп сақшысы шабуыл жасаған.

Бұл туралы shymkent.online парақшасында видео мен жазба жарияланды.
Жазбаға сәйкес екі қыз көшеде жігіттер күшпен ұстап отырған қызды байқаған. Қыздың көмек сұрағанын естіген олар полицияға қоңырау шалған. Алайда қыздардың біріне белгісіз нөмірден қоңырау шалып, полиция бөліміне келуді сұраған.
Алайда оқиға орнына келген полицей өзін таныстырмай, құжаттарын да ұсынбаған. Кейін жағдайды видеоға түсірмек болған қызға шабуыл жасапты.
Анықталғандай көмек сұраған қызды ағалары күшпен ұстап отырған. Олар бойжеткенді үйіне алып бармақ болған. Расталмаған ақпаратқа сәйкес бойжеткен оқу оқиды әрі жұмысы бар екен. Ал анасы оған қол көтеретінін айтқан.
Полиция департаменті тәртіп сақшысына қатысты тексеріс басталғанын мәлімдеді.