ШЫМКЕНТ: Полиция «Жолда қабылдау» акциясын өткізеді

0
1 651

Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауатын және олардың жол қауіпсіздігі ережелерін сақтаудағы жауапкершілігін арттыру, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету.


ШЫМКЕНТ: Полиция «Жолда қабылдау» акциясын өткізеді

Шымкентте Полиция департаментінің ұйымдастыруымен "Жолда қабылдау" акциясы өтетін болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен 2019 жылғы 17 және 18 мамыр күндері сағат 9-00-ден 19-00-ге дейін уақыт аралығында республика көлемінде «Жолда қабылдау» акциясы өткізіледі.

Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауатын және олардың жол қауіпсіздігі ережелерін сақтаудағы жауапкершілігін арттыру, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету. Қоғам мен билік арасындағы байланыс алаңын кеңейту. Азаматтардың жеке түсініктері жауапкершіліктерін сезіндіру, жол апаты келеңсіздіктерін алдын алып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Акция Шымкент қаласы Мәделі қожа көшесі бойында орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығының алдында және Сайрам елді мекені Ибрагим-ата көшесі бойында орналасқан Өзбек драма театрының алдында өтеді.

Қабылдауда Әкімшілік полиция басқармасының Әкімшілік практика, Көші-қон қызметі, Азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау және Криминалдық полиция басқармасы, Тергеу басқармасының қызметкерлері қатысып, жүргізушілер мен жолаушылардың сауалдары мен өтініштеріне кәсіби жауаптар беретін болады.

Сонымен қатар, 30-10-30 телефоны бойынша «колл-центр» жұмыс жасайды.