Үміткерлерге мемлекеттік тілді білуді растайтын Казтест немесе Қазақ ресми тест сертификаттары болуы шарт.
Биылғы жастар Президенттік кадр резервіне іріктеудің жаңашылдығының бірі үміткерлерге мемлекеттік тілді білу деңгейін растайтын құжат талап етіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Әли Көмекбаев мәлімдеді
Үміткерлерге мемлекеттік тілді білуді растайтын Казтест немесе Қазақ ресми тест сертификаттары болуы шарт.
Айта кетейік, Казтест офлайн форматта өтуі қажет болса, Қазақ ресми тесті үміткерлер өздеріне ыңғайлы уақытта онлайн тапсыра алады. Ол үшін веб камерасы, микрофоны және интернеті бар компьютер болуы керек. Сондай-ақ, Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге қатысатын үміткерлер үшін 13–25 қыркүйек аралығында QAZAQ RESMI TEST-ке дайындық курстары ұйымдастырылады. Тегін онлайн курс сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін Академияның YouTube арнасында өтеді. Ақылы курстар сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін Teams платформасында (алдын ала тіркелу қажет) өтеді.