ШЫМКЕНТ: Рұқсат қағазы жоқ 139 тамақтану орны анықталған

0
2 096

Шымкентте қаласында Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті арнайы рұқсат қағазын алмаған 139 тамақтану орны анықтап, 17-нің ісін сотқа жолдаған.


ШЫМКЕНТ: Рұқсат қағазы жоқ 139 тамақтану орны анықталған

Фото: Ғаламтордағы ашық дереккөзден

Шымкентте қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінен арнайы рұқсат қағазын алмаған 139 тамақтану орны анықталған - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл жөнінде басқарма басшылығының Ақпараттық коммуникациялық орталықта журналистерге берген брифингінде мәлім болды.


"Қазіргі уақытта Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мен аумақтық басқармалары рұқсат қағазы жоқ және өзінің кәсібі жайлы құзырлы мекемелерге хабар бермеген тамақтану орындарын (кафе, мейрамханалар, тойхана, кондитерлік цех және т.б.) анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұндай орындардың саны бүгінде 139-ға жетті. Олардың тізімі ғаламторда бірнеше рет жарияланды. Түсіндіру жұмыстары әлі күнге жалғасып жатыр. Бұрындары рұқсатсыз жұмыс істеген кәсіпкерлер, түсіндіру жұмыстарынан кейін департамент пен аумақтық басқармаларға хабарласа бастады"- дейді Шымкент қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшы орынбасары Алмат Қосалиев.

Сонымен қатар, департамент тарапынан 17 кәсіп иесінің үстінен сотқа шағым тасталған.