Көшенің жалпы ұзындығы 2,5 шақырым, ені 6 метрді құрайды.
Шымкент қаласында 2021 – 2025 жылдарға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, биыл Қаратау ауданына қарасты Сайрам тұрғын алабында 15 көшеге асфальт жабындысы төселді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Тиллаходжаев көшесіне асфальт жабындысының екінші қабатын төсеу жұмыстары толығымен аяқталды. Көшенің жалпы ұзындығы 2,5 шақырым, ені 6 метрді құрайды.
Сала мамандары құрылыс-монтаж жұмыстарын тексеріп, санаулы күндерде көлік қозғалысы үшін пайдалануға берілетін болады.
Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының дерегінше, бүгінде қаламыдағы жолдардың 63,6 пайызы қанағаттанарлық жағдайда. 2022 жылдың соңына дейін 2188,7 шақырым жолды асфальтобетон жамылғысы жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізу жоспарлануда. Ал, 2023 жылы асфальт жолдар үлесін 71,2 пайызға жеткізу жоспарланған.
Биылғы жылға жоспарланған жөндеу жұмыстарының 28,9% пайызы орындалған. Осы жылы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 190 нысанда жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуді жоспарланған. Оның ішінде 2 нысан жолайрықтың құрылысы (Рысқұлов-Қонаев, Бәйдібек би-Арғынбекова) 13 нысанда жаңа жолдардың құрылысы (Қонаев 1,2,3,5,6 кезеңдері, Оңтүстік,Шығыс айналма жолы, Самал-1,2,3 кезеңдері, Өтегенов көшесінің 1,2 кезеңі жол құрылыс жұмыстары). 5 нысанда қайта құру жұмыстары (А-2 2,4,7,8 кезеңдер, Адырбеков көшесі), 3 нысанда күрделі жөндеу (Ақжайық, Қайтпас, Тассай "Алемтрансжол" шағын аудандарын және Қошқар-ата өзені арқылы өтетін 2 көпірді күрделі жөндеу).
Қаланың магистралды көшелері мен ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары 167 нысанда немесе 308 көшеге жүргізілуде.
Биыл ірі нысандар бойынша Қонаев даңғылының 3 кезеңі, Қонаев-Рысқұлов жолайрығының құрылысы және Самал-1,2,3, шағын ауданындағы жол құрылыс жұмыстарды аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ, құрылыс жолағына түсетін жер учаскелерін мемлекет мұқтаждығына қайтару бойынша мәселелер дер кезінде шешілсе, Шығыс және оңтүстік айналма жолының құрылысын аяқтау жоспарда бар. Қалған нысандар 2023 жылға өтпелі.