ШЫМКЕНТ: «Saiyp Qyran» спорттық патриоттық орталығы таныстырылды

0
1 969

Іс-шараны еліміздегі алғашқы және бірегей қоғамдық бірлестік «Әскери қолданбалы спорт түрлері бойынша Ұлттық Федерациясы» ұйымдастырды.


ШЫМКЕНТ: «Saiyp Qyran» спорттық патриоттық орталығы таныстырылды

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Saiyp Qyran» спорттық патриоттық орталығы жобасымен таныстыру іс-шарасына арналған ашық форум өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Іс-шара жастардың, қала тұрғындарының назарын қоғамдық бірлестік қызметінің мақсаттары мен міндеттерімен, «Патриот» республикалық бағдарламасы шеңберінде «Saiyp Qyran»спорттық-патриоттық орталығының жобасымен таныстыру, сонымен қатар еліміздің қауіпсіздік жүйесіндегі авангардтық буынға айналу, елдің қорғаныс қабілетін арттыруда серпілісті жүзеге асыруға, оның халықаралық аренадағы ұстанымын күшейту және қазіргі заманғы кез келген түрдегі қатерлерге оның әзірлігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шараны еліміздегі алғашқы және бірегей қоғамдық бірлестік «Әскери қолданбалы спорт түрлері бойынша Ұлттық Федерациясы» ұйымдастырды. Оның негізгі мақсаты патриоттық тәрбие беру, жастардың бойында азаматтықты, патриотизмді маңызды рухани-адамгершілік және әлеуметтік құндылықтар ретінде дамыту, өскелең ұрпақтың бойында Отанға деген адалдықты, оған қызмет етуге әзірлікті, дарынды жастарды анықтау және тәрбиелеу .
" Біздің жастардың бойында патриотизмді тәрбиелеу, олардың өмірлік ұстанымын анықтау – бірлестіктің басты міндеттері. Себебі дені сау және адамгершілігі жоғары адам ғана оның алдына Мемлекет, оның туыстары мен отбасы қойған міндеттерді орындай алады. Дені сау Ұлт барлық жағынан қуатты және мықты мемлекеттің негізі", - деді «Әскери қолданбалы спорт түрлері бойынша Ұлттық Федерация» қоғамдық бірлестігінің бастығы Болат Байжанов.