ШЫМКЕНТ: Сенатор «ІЗЕТТІ ЗЕЙНЕТКЕР» сауықтыру орталығының жұмысымен танысты

0
385

Мекеме 70 орынға лайықталған, жыл басынан бері 962 зейнеткер сауықтыру қызметін алды.


ШЫМКЕНТ: Сенатор «ІЗЕТТІ ЗЕЙНЕТКЕР» сауықтыру орталығының жұмысымен танысты

Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Сенатының депутаты Айгүл Қапбарова «Ізетті зейнеткер» сауықтыру кешенінің жұмысымен танысты.

2023 жылдың қарашысында іске қосылған сауықтыру кешені жасы бойынша зейнетке шыққан азаматтардың қысқа мерзімде демалуы мен емделуін жүзеге асыру мақсатында құрылған. Мекеме 70 орынға лайықталып, жыл басынан бері 962 зейнеткер сауықтыру қызметін алды.
Ем алушылар мекемеге түскен сәттен бастап дәрігерлердің қабылдауында болып, денсаулығы мен жасы ескеріліп, емдік іс-шараларды тағайындалады.
Дәрігерлердің ұсынуынан кейін электромагнитті терапия, сумен емдеу, ЕДШ, дәрілік шөптердің тұнбалары демалушыларға ұсынылады. Ал, физиотерапия бөлмесінде электрофорез, вибромассаж, миостимулятор, ингалятор, массаждық орындық пен кереует, аяқ массажеры, тағы да мамандардың көмегімен емдік шаралар жүргізіледі.
Қызмет алушылардың мәдени тынығуы үшін қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі мекемесінің «Абай» атындағы №5 кітапхана бөлімшесімен меморандум түзіліп, бірігіп іс- шаралар өткізіледі. Кітаптар қорын кітапхананың осы бөлімшесі толықтырып тұрады.
Демалушыларға 5 мезгіл уақытылы және ыстық тағамдар ұсынылып, сапалы тамақтануы мамандар тарапынан қадағаланады.
Сенатор Айгүл Жарылқасынқызы сауықтыру кешенін аралау барысында қызмет алушылар жасалып жатқан жағдай үшін алғысын айтып, өз ризашылығын жеткізді.

Еске салайық, Шымкентте өткен жылы іске қосылған «Ізетті зейнеткер» сауықтыру кешенінің негізгі миссиясы – ардагерлердің қысқа мерзімде демалу мен денсаулығын оңалтуда профилактикалық қызметтерді көрсету. Дәрігерлер қарияларды жалпы денсаулығын тексере отырып, тиісті процедураларды тағайындайды.

Сауықтыру орталығында зейнеткерлерге 10 күнде арнайы электромагнитті терапия, фито бар, сумен емдеу үшін арнайы бассейн, парафинмен емдеу, вакумдық гидропилинг, ультрофонофрез, УЗ-скабер, электропорация және физикалық терапия қызметтерін алады. Сонымен қатар, 3 мезгіл ыстық тамақпен қамтылған, барлық сауықтыру шарасы мемлекет есебінен жүргізіледі.