ШЫМКЕНТ: "Сергек" камералары қандай жылдамдықты есепке алады?

0
2 465

Шымкентте 5 сәуірден бастап іске қосылған "Сергек" камералары қаланың 30 жеріне орнатылған.


ШЫМКЕНТ:

Шымкентте "Сергек" камераларының айыппұлы төленбесе, борышкердің жылжымайтын мүліктеріне тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Цифрлы Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы аясында Шымкент тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол ережелерін сақтау мақсатында «Қауіпсіз қала» жобасы шеңберінде "Сергек" камералары іске қосылғаны хабарланған болатын.

Осыған байланысты ERNUR.KZ тілшісі "Сергек" камераларына қатысты бірнеше сұрақтарға жауап іздеп көрді.


«Сергек» видеожүйесі неше метрден автокөлік жылдамдығын түсіре алады?

Жүйенің әрекет ету қашықтығы 50 метрден 100 метрді құрайды.


«Сергек» камералары неше түрлі жол ережесін бұзу фактісін тіркейді?

- Жылдамдықты арттыру;

- Қызыл жанғанда стоп-сызықты басу;

-Қос жолақты кесу;


«Сергек» тіркеген айппұлдарға жеңілдіктер қарастырылған ба?

Айыппұлды бірнеше жолмен төлеуге болады. Біріншісі әрі ең оңайы: төлем терминалдары арқылы, «Қазпошта» бөлімшісі арқылы, e-gov порталы арқылы, екінші деңгейлі банктер арқылы. Егер айыппұлды жеті тәулік ішінде төлесеңіз, онда жазылған айыппұлдың 50 пайызын төлейсіз. Егер 7 күннен кейін төлесеңіз, онда жазылған айыппұлды толық төлеуге тура келеді. Ал, 30 күн ішінде төлемеген жағдайда ісіңіз аймақтың жеке сот орындаушылары палатасына жолданады. Олар орындау ісін бастап, қаулы шығарып, тіпті жылжымайтын мүлікке арест қоюы да мүмкін.


Салынған айыппұлдар неше уақытта автокөлік иесіне жеткізіледі, қандай жолмен хабарландырылады?

Жасалған бұзушылықтарды процессинг орталығының мамандары белгілеп анықтайды, бұдан әрі әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімінде тіркеліп, «Қазпоштаға» жіберіледі. «Қазпошта» тәртіп бұзған жүргізушіге нұсқаманы жеткізеді. Бұдан басқа, пилоттық жоба шеңберінде патрульдік полиция қызметкерлеріне мобильдік жұмыс орындарын (принтерлері бар планшеттерді) беру көзделген, олар арқылы да ұйғарымды басып шығаруға және сол жерде тапсыруға болады.


«Сергек» камерасы тіркеген жол ережесін бұзу фактілері жайлы ақпарды қайдан алуға болады?

qamqor.gov.kz , egov.kz порталы арқылы алуға болады.


«Сергек» камералары орналасқан нүктелердегі автокөліктер үшін шекті жылдамдық мөлшері қанша болуы тиіс?

Мекенжайы

Жылдамдық шегі

1.

А2 Алматы-Ташкент термез-Бәйдібек би к-сі ( айналма Бозарық) - АЗС, Бәйдібек би нөмерсіз

60 км\ч

2.

Еуразия базары-жаяу жүргіншілер көпірі

60 км\ч

3.

А2 Алматы-Ташкент термез-Әл-Фараби көшелерінің қиылысында-айналма жол

60 км\ч

4.

А2 Алматы-Ташкент термез-(Молдағұлова-Мусрепова к - сі) - Қазыбек ықшам ауданы айналма жол

60 км\ч

5.

Түркістан трассасы-Бақбаев көшесінің қиылысы (әуежайға бұрылу) – Саера кафесі

60 км\ч

6.

Түркістан трассасы (Киров бөлімшесі)

60 км\ч

7.

Гагарин к-сі мен Алпысбаев к-сі қиылысы , СМУ-4.

40 км\ч

8.

Гагарин к – сі мен Кентаев к-сі қиылысы (Хамза к-сі, Коммунизм жағына)

60 км\ч

9.

Республика даңғылы - Рахат аялдамасына жақын

60 км\ч

10.

Республика даңғылы-ш / а ,бұрылысқа жақын ,Қазығұрт қарсы

60 км\ч

11.

зират

60 км\ч

12.

Төлеметов көшесі-Өтегенов көшесінің қиылысы, ТК жанында

60 км\ч

13.

Төлеметов көшесі, Н.Назарбаев атындағы мектептің алды

40 км\ч

14.

Өтегенов к-сі-Шәкіров к-сі қиылысы( Өтегенов к-сі бойынша)

60 км\ч

15.

ул. Өтегенов - монша Жаңаша алдында (моншаға қарама-қарсы)

40 км\ч

16.

Қонаев к-сі - Royal фитнес клубының алдында

70 км\ч

17.

Бәйдібек би даңғылы - Гранд Береке кафесінің алды

60 км\ч

18.

Бәйдібек би даңғылы-Алтын сарай мейрамханасының алдында ( Дендропарк)

60 км\ч

19.

Арғынбеков к - сі-Көркем мейрамханасының алдында

60 км\ч

20.

Арғынбеков к-сі менЖібек Жолы к-сі қиылысында

70 км\ч

21.

Жібек Жолы к – сі мен Арғынбеков к-сі қиылысында

60 км\ч

22.

Жібек жолы көшесі бойындағы Шин Лайн дүкенінің жанында (Кабискодан Шин Лайн дүкенінің жанында)

60 км\ч

23.

Жібек жолы көшесі бойынша Шымкент университетінің жанында (Тассай кенті универ Шымкент)

60 км\ч

24.

Жібек Жолы көшесі - Бабашұлы көшесінің қиылысында, Таскен елді мекені (Цемент стандартына қарама-қарсы)

60 км\ч

25.

Арғынбеков бойынша "Рахим плаза" қарамақарсы

60 км\ч

26.

Ленгер айналма жолдары (Шнос зауытына бұрылу) (сақинадан Ленегр жағына қарай)

60 км\ч

27.

Байтереков-Назарбекова (ш.а.) Нұрсат) Метро қарсы

60 км\ч

28.

Жаңаталап елді мекені Шардара көшесі (Қызылжар елді мекені) коммунизм (Гагарин көшесінен мал базарының көпіріне)

60 км\ч

29.

Забадам елді мекені Саттарханов көшесі (мешіт жанында)

60 км\ч

30.

Жібек Жолы-Төлеметов көшелерінің қиылысы (Таскент елді мекені) Мадина фабрикасы

60 км\ч