ШЫМКЕНТ: Шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары күнделікті жүргізіледі

0
2 158

Іс-шараларды Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен мен Көкшетау техникалық институтының курсанттары аудандық әкімдікпен бірлесіп өткізіп жатыр.


ШЫМКЕНТ: Шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары күнделікті жүргізіледі

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданындағы суға шомылуға қатаң тыйым салынған және қауіпсіздік белгілері орнатылған су айдындарында күнделікті үгіт-насихат жұмыстарын жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазіргі таңда тұрақты аралау жұмыстарына, бұқаралық ақпарат құралдарындағы ескертулерге қарамастан, тыйым салынған жерлерде шомылатын тәртіп бұзушылар бар.

Осыған орай Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан аумағында орналасқан «Теке су» су қоймасына суға түсуге және шомылуға келуші тұрғындарға су айдыны нысандарында қауіпсіздік ережесін сақтау бойынша түсіндіру әңгімелерін жүргізді. Сонымен қатар, азаматтарға суда қауіпсіздік қағидаларын сақтау қажеттілігін еске салып, су қоймасына жақын жерде балаларды қараусыз қалдырмауына кеңес берді.

Сондай-ақ, шара барысында Әл-Фараби ауданы бойынша барлығы 40 ескерту және тыйым салу белгілері мен стендтер орнатылып, жергілікті полиция қызметімен бірлесіп 8 рейд өткізілген және 4 мыңнан астам жадынама таратылған. Айта кетейік, профилактикалық іс-шаралар суға шомылу маусымы кезеңінде тұрақты түрде өткізілетін болады